Енді Шымкенттен Арыcқа қатынау оңай болмақ. Бүгінде тікелей катынайтын тас жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ![](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2018/09/252-696x435.jpg)
Жол құрылысына жауапты мердігер компания мамандарының айтуынша, жаңа технологиямен төселіп жатқан екі жолақты жол 120 тоннаға дейін салмақты көтеруге қауқарлы. Сондай-ақ, олар жолдың сапасына 5 жыл мерзімдік кепілдік беріп отыр. Жалпы, осы жылдың наурызында басталған жұмыс үстіміздегі жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып қойыпты. Ал бұл жобаның жалпы сметалық құны — 1,3 млрд.теңгені құрайды.
Арман Әбдіхалықов, «Корпорация «Береке» ЖШС-нің маманы: «Жолдың ұзындығы — 11 шақырым, ені — 8 метр болады. Қалыңдығы — 26 см. Ал сапасы — 3-деңгейлі жол. Түркістан облысында мұндай жол жаңа техологияның көмегімен алғаш рет төселіп отыр. Екі жағынан тағы да жолаяқтар үшін жер қалдырамыз».