Түркістан облысының жаңа гербіне байқау жарияланды

209

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің жаңа гербіне үздік эскиздік жобасына байқау жарияланды. Түркістан облысының гербіне үздік эскиздік ұсыныстар 2018 жылдың 3 қазан күні сағат 16:00-де қаралады. Қатысу үшін байқау 2018 жылдың 1 қазанына дейін Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына тапсырылуы қажет (sauletuko@yandex.ru, 53-95-56). Жеңімпаздар димломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры – 1 миллион теңге.

Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатысады. Байқауға талаптары: түсініктеме жазба, эскиздің мақсатын айқындайтын негізгі сызбалар, компьютерлік кескіндеме немесе түрлі-түсті бояумен салынған суреті, жобалар көлемі 90х60 см планшеттерге орналастырылуы қажет.

Бауқауға қатысушалардың ұсыныстарын республикаға белгілі сәулетшілер мен сала мамандары қазылық ететін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі