Түлкібас ауданында демалыс орындарының қатары артуда

1364

Түлкібас ауданының 90 жылдық торқалы тойына орай Майлыкент ауылдық округінде аудандық орталық саябақтың ашылу рәсімі өтті.

Ел игілігіне  берілген жаңа демалыс орны 2,2  гектар жерді алып жатыр. Толығымен қоршалып, абаттандыру жұмыстарынан өткен.

        

Сондай-ақ, спорттық және балалар алаңшалары да бар.

Салтанатты шара «Тамыры терең, тарихы кемел — Түлкібас» атты ғылыми практикалық конференцияға жалғасты. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Мәдениет үйі Түлкібаста туып, ауданды түлеткен танымал тұлғаларға толды. Жиында ел ағалары мен қонақтар Түлкібас ауданының тарихына біраз шолу жасап, бүгінгі жетістіктері жайлы сөз етті. Қоғам қайраткерлері, ғалымдар баяндамалар жасап, жан-жақты талқылап, талдады. Ал конференция соңында Жансейіт Түймебаев ауданның бір топ азаматтарын Алғыс хатпен марапаттады.

Жиналған қауым конференциядан соң Тұрар Рысқұлов ауылындағы «Тұңғыш Президент» паркіндегі іс-шараға қатысты.

Әлия Әділбек

Саябақта республика мен облыс көлеміндегі танымалдар өнер көрсетіп, халыққа ерекше тарту жасады.

Беташар, тұсаукесер сынды дәстүрлер дәріптелді. Әннен шашу шашылды.

Сондай-ақ дәл осындай айтуыла датада шаңырақ көтерген жас жұбайлар да ортадан табылды. Оларға облыс әкімі неке кәліктерін табыстап, бақыт тіледі.

Іс-шара соңында ақ сақалды аталар жиналған көпшілкке ақ батасын беріп, шығарып салды.

Дүбірлі той ғала концерпен жалғасты. 90 жылдық мерейтой жыл көлемінде тойланады деп жоспарлануда. Айта кетйік, облысымыздың шығыс аймағында орналасқан Түлкібас ауданының халық саны – 111 мыңнан асып жығылады, оның ішінде 26-дан көп ұл-өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Торқалы той соның куәсі деп білуге болады.