2018 жылғы мамырда «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Бөген су қоймасының жағасында Ордабасы АІІБ ЖПҚ-нің қызметкерлері электр қармағымен заңсыз балық аулауды кәсіп еткен, 1967 ж.т. және 1964 ж.т., екі жергілікті тұрғынды ұстаған. Полицейлер ұсталғандардан балық аулау құралдарын, қайық және 15 дана заңсыз ауланған балықты айғақты зат ретінде тәркілеп алған.
Аталған жайт ҚР ҚК «Балық ресурстары, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Жинақталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Қазіргі таңда сот шешімі бойынша браконьерлерге бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылған.
Түркістан облысының полицейлері тұрақты негізде браконьерлік пен табиғатты қорғау заңнамасы аясындағы басқа да құқықбұзушылық жайттарын анықтау мен жолын кесу мақсатында жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Тәртіп сақшылары тұрғындарға балық ресурстары мен жануарларды заңсыз аулау заңмен қудаланатынын ескертеді.
Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметі