Жылу беру мекемесі 500 млн. теңге инвестициялық қаражат салуы тиіс

380

Инвестициялық бағдарламаға бөлінген қаражат тұтынушылардың сапалы жылу алуының кепілі. Бүгін табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің өңірлік департаменті мамандары тексеруге шықты. Қыруар қаржының есебін алып, жылумен қамту мекемесінің жұмысымен танысты.

Инвестициялық бағдарламаны іске асыруға «Қуатжылуорталығы 3» мекемесінің мамандары қызу кірісіп кеткен. Олар 104 млн. теңгені игеруі тиіс. Жоспар бойынша, алдағы 5 жыл көлемінде Шымкент шаһарындағы жылу жүйелерін жаңартады. Ал жылу беру мекемесі 500 млн. теңгеден астам инвестициялық қаражат салулары тиіс. Ол Ұлтық экономика министірлігі тарапынан қатаң бақыланады.

Шымкент қаласындағы жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 392 шақырымды құрайды. Инвестициялық бағдарламаның арқасында жыл сайын 6/7 пайыз құбырлар жаңартылып, жылу сақтауды күшейту, қымтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Биылдың өзінде көлемі 700 мм құбыр алмастырылып жатыр. Ал 2015 жылы басталған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 10 шақырым құбыр жаңартылған екен.

Сала мамандарының айтуынша, кәсіпорынның инвестициялық қызметі аяқталмайды. Бағдарлама аясында 300 млн. теңгеге ұзындығы 8 шақырымнан астам жаңа нысандарды жаңғырту жобасын дайындап жатыр.

Нұрлан Күдерұлы