Қазақстанда тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылмақ

606

Қазақстанда тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылуы мүмкін. Бұл үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты сапасыз әрі денсаулыққа қауіп төндіретін өнімдерден қорғайтын комитет құруды тапсырды.

Елбасы тапсырғандай бұл ұйым азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тауарына, медициналық қызмет көрсетуге сараптама жүргізетін болады. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Басшының сөзінше, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар тікелей кәсіпкерлік нысандарына байланысты.

Нұрбек Нышанов, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы: «2017 жылы 516 құраса, ағымдағы жылдың 9 айында 657-ні құраған. Бұл тіркелген арыз-шағымдардың санының көптігін, кәсіпкерлер тарапынан заң бұзушылықтардың болып жатқандығын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпкерлер өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Яғни, Елбасы айтқандай, тек пайда табуды ғана көздемей, ең бірінші кезекте, азаматтардың қауіпсіздігі туралы ойлауы керек. Сапалы өнім шығарып, сапалы қызмет көрсетуі тиіс».

Департамент берген мәлімет бойынша, мемлекет әкімшілік кедергілерді азайту барысында көптеген тексерістен, рұқсат беру және басқа да рәсімдерден бас тартты. Сондықтан, ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі үшін бизнес қоғамдастығы да жауап береді. Жалпы, бизнес пайда табуды ғана емес, сондай-ақ, мемлекетпен бірлесіп азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауы керек». Бұл да жолдауда айтылған Елбасының сөзі.

Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан кең қолдау жүргізілуде. Біздің елдің экономикасының ертеңгі тірегі кәсіпкерлік екенін мемлекеттік қызметкерлер жете түсінуде. Кәсіпкерлік нысандарына қадағалау жүргізетін мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жариялы және ашық болуға тиіс екендігі ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көрсетілген.

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тарапынан да жеке кәсіпкерлік нысандарын қолдауда көптеген нормативтік-заңдылық құжаттарына өзгерістер енгізіліп, кәсіпкерлік нысандарына қолдаулар көрсетілуде. Атап айтқанда, тексеру парақтары нысандар тобына сәйкес оңтайландырылып, бірнеше есе қысқартылды, рұқсатнама құжаттарын алу тек эпидемиологиялық маңызды нысандар тобына ғана қатысты болып қалды.

Нұрбек Нышанов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басышысы: «Ерекше тәртіппен тексерілетін нысандар тобы да жылдан жылға қысқартылуда, 2015 жылы жеке кәспкерлік нысандарын тексеруге мораторий жарияланса, 2016 жылы біздің қызмет тарапынан 2062 кәсіпкерлік нысандары, 2017 жылы 1982 нысандар тексерумен қамтылса, 2018 жылдың 9 айында 944 кәсіпкерлік нысандары тексерілген. Ал жоспардан тыс тексерулер 2016 жылы 894, 2017 жылы 516 құраса, ағымдағы жылдың 9 айында 657-ні құраған».

Лаура Нақыпқызы