Қазығұрттықтар 90 жылдық мерей тойын тойлады

547

Қазығұрттың құрылғанына — 90 жыл. Шұрайлы жері мен жұртының өзі аңызға айналған өлкенің тұрғындары мен тумалары киелі өлкенің өткеніне үңілді. Болашағын бағамдап, торқалы той жасады. Өңір басшысы бастаған халық қалалулылары, ардагерлер, зиялы қауым мерекелік шараға қатысып, ауылдағы айынның қуанышымен бөлісті.Қазығұрт ауданы 1928 жылы құрылған. Бүгінде мұнда 13 ауыл округі, 64 елді мекені бар. Халық саны 105 мыңнан асқан өлке мерей тойын үлкен толағай жетістіктермен қарсы алды. Ауданның экономикасын нығайтқан Шағын және орта бизнесі екенін бәрін біледі.

Жақай Абдуллаев , Қазығұрт ауданының еңбек ардагері: » Ауданымызда бұрын «Коммунизм» совхозы болатын. Мен шопан болып жұмыс істедім. Д.Қонаевпен тілдескенім бар. Еңбектің арқасында сыйлы болдық. Жерлестеріме тілейтінім ашық аспан, ел тыныштығы. Ауданымыз көркейіп, өркендей берсін.Жастарымыз ынталы білікті болсын».

Мерей тойға тарту ретінде қос бірдей екіқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Елді мекенде денешынықтыру-сауықтыру кешені де ашылды. Жалпы спорт нысандарының саны 300 ден асқан. Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауылда өнер мектебі балалар үшін есігін айқара ашты.

Садор Исманов, «Жалынды жастар» ҚБ төрағасы :» Біздің бірлестік бүгінде жастарды жегірлендіріп, олардың қоғамдық жұмысқа араласуына ықпал етуде. Ағылшын тілін меңгерудеміз. Ауылдағы балалар ұяң , тұйық келеді.Қазір ағылшын тілінде сөйлеп, өз ойларын да жеткізе алады. Рухани жаңғыру дейміз, жастарымыз бәсекелістікке дайын болуы тиіс.Еліміздің болашағы жастарға қолдау да өз деңгейінде болуы тиіс деп есептеймін».

Мерекелік шара аясында ғылыми конференция ұйымдастырылды. Ғалымдар киелі Қазығұрттың мүмкіндіктері жайлы баяндап, жиналған қауымды өлкенің 90 жылдық мерей тойымен құттықтады.Облыс әкімі болса еңбек озаттарын алғыс хат, грамоталармен марапаттады.