Қазынаға желілік маркетингтен де салық түсуде

330

Шымкент қаласына қарасты Абай  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының берген мәліметіне сәйкес,  ағымдағы жылдың 9 айында жергілікті бюджетке жер және мүлік салығының жоспары 198 582,0 мың теңге болса, нақты түскені 178 970,5 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңдегі түсімімен салыстырғанда өсім қарқыны 274,5 пайызды құрады.

Аудан аумағында  салық салуға бағаланған жылжымайтын мүліктер саны 64 525, оның ішінде 45 393 жеке тұрғын үйлер, 2,5 мың гараж бен 224 саяжайлар.

Асқар Әбенұлы, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі

Асқар Әбенұлы, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі: «Жер және мүлік салықтары бойынша  ағымдағы жылдың 1 – қазанына берешек жеке тұлғалардың саны 28 872 болса, салық сомасы 72 159,7 мың теңгені құрап отыр. Жыл басынан бері  аталған салықтар бойынша салық берешектерін мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында, салық сомасы  6 490,4 мың теңгені құрайтын 993 салық бұйрықтары шығарылып, жеке сот орындаушылар палатасына  жолданды. Айта кететін жәйт, Абай ауданында желілік маркетингпен айналысатын  116 тұлға тіркелген. 9 айда  төлемдері 2 756,3 мың теңгені құраған».

Шынар Оразова