Қой ұрлағандар құрықталды

414

Созақ АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, ол арызында ағымдағы жылдың қыркүйек айында мал қорасынан белгісіз тұлғалар екі қойын ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт СДТБТ-не «ұрлық» жайтымен тіркелген.

Созақ АІІБ-нің полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жергілікті жердің екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олар өздерінің кінәсін толық мойындады. Жас азаматтар қорада тұрған қойды ұрлап, өздерінің автокөлігіне салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазіргі таңда мал ұрлығы жайтына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметі