«3-Энергоорталық» АҚ жылу маусымына жүз пайыз дайындық жасаған

423

Шымкентті жылумен қамтамасыз етуші «3-Энергоорталық» мекемесі жылу маусымына жүз пайыз дайындықпен келдік дейді. Тіпті қыс ауасында апатты жағдай орын алса да қалалықтар қақаған аязда тоңбайды деп сендірді. Бүгін журналистерге арнайы пресс тур өткізген мекеме басшылығы осылай деп отыр.

Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ететін «3-Энергоорталық» АҚ үш қазандықты толық іске қосты. Негізгі отыны табиғи газ болып табылатын мекеме қыс мезгілінде 150 Мвт қуатпен жұмыс істейді. Тасымалдаушы мекеменің сұранысы қазір тәулігіне 65 градус жылылық болса, мекеме 66-67 градустық жылу жіберуде екен.

 

ОрЭнергоорталықтың бірінші турбоагрегатында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

Осылайша жылу беруші мекеме маусымға жүз пайыз дайындық жасағандарын айтады. Қалалықтардың қақаған қыста тоңбауы үшін барлық жағдай жасалған. Қондырғыларды жаңғырту, жөндеу жұмыстарына былтыр 673 млн. бөлінсе, биыл 143 млн. теңге қаражат жұмсалыпты.

 

Жанар Есенбекова