Ақша бопсалағандар ұсталды

342

Ақша талап етіп, бопсалағандар құрықталды. Шымкент қалалық ІІД — не 1981 жылы туған азамат арызданып, екі белгісіз тұлғаның өзіне хабарласып, ақша талап етіп, қоқан лоққы жасағаны туралы шағымданған.

Жаны мұрнынынң ұшына тіреліп, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған шымкенттік тұрғынды бопсалап жүргендердің бірі бұрын сотты болған әккі қылмыскер екені анықталған. Шымкент қаласында пробациялық қызметте есепте тұрған. 1988 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны өзінің сыбайласымен жәбірленушіге тыныш өмір сүргің келсе ақша әкеп бер деп талап етіп, қорқытқан. Сыбайласы 1995 жылы туған Сарыағаш ауданының тумасы.

Күдіктілерді Шымкент қалалық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен қолға түскен. «Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен екі күдікті де қамауға алынды. Екі күдікті де тергеу кезінде екі ай бойы күзетпен ұстау бұлтартпау шарасымен қамауда болады»- деп хабарлайды Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Қамшыбек Анарбаев.

Жанар Есенбекова