Алтынның құны сапасына сай ма?

891

Алтынның бүгінгі нарықтағы бағасы қандай? Бағалы металдың құны сапасына сай ма? Алтынды кім, қайдан алады?

Алтынды алтын түстес материалдардан бір қарағаннан-ақ ажырата аласыз ба? Ал гаухар тасты циркон, фианит секілді тастардан шатаспай қалай айыруға болады? Бұл туралы біз бәрін бүгін Шымқалада өтіп жатқан шеберлік сағатына қатысып, танысуға мүмкіндік туды.

Мамандардың айтуынша, алтынды жез, мыспен және жасанды бұйыммен шатастырмау үшін магнитті жақындатып көруге болады. Магнит өзіне алтынды жабыстырып алса, онда сіздің қолыңыздағы бұйым алтын емес. Немесе хрусталь ыдыстың бетіне алтын бұйымыңызбен сызық жүргізіп өтіңіз. Егер із қалса, бұйымның бағалы металл екендігіне күмән келтіруіңізге болады.

Енді алтынның бағасына ойыссақ. Алдымен, базардағы баға туралы. Мұндағы сөрелердің басым бөлігін алып тұрған Ресей алтынының әр грамының бағасы 11 500-13 000 теңге аралығында. Ал Өзбекстан, Түркия елдерінің алтын бұйымдарының грамы 9 000-10 000 теңгеден бағаланады.

Ал дүкендерде баға қымбаттырақ. Алтынның әр грамы 15 000-25 000 теңге аралығында саудаланады. Ал осы алтын бұйымдардың әрін ашатын табиғи тастарды жасанды тастардан қалай ажыратуға болады? Мұны маманнан артық ешкім айтып бере алмас.

Ларионова Елена, маман: “Біз бүгін сатып алушыларға бағалы табиғи тастарды жасанды тастардан ажырату бойынша шеберлік сағатын өткізіп жатырмыз. Тұтынушының қолына «лупа» беріп, тастың барлық бояуын, түстердің үйлесімін ажыратуды, оған қоса, табиғи тастың да «тірі» болатынын көрсетеміз. Лупамен қарау арқылы тұтынушы шебердің жұмысын бағалап, тастың көзге көріне бермейтін бұрыштарын да көріп үйренеді”.

Бұл ретте сізге ғаламтор да тереңірек мағлұмат бере алады. Сөйтіп, бағалы метал, бағалы тастармен көмкерілген әшекей аламын деп шешсеңіз, алдымен салыстырып көріңіз.
Шымкент қаласында алтынның сан алуан түрі бар. Грамы 9 000-10 000 теңгеден басталатын бұйымдардың тастары да сан түрлі. Тіпті, құны 32 000 000 теңгеге дейін жететін әшекейлер де бар. Тек, алданып қалмаңыз.

Меруерт Ахан