Американдық мамандар генетика саласы бойынша семинар сабақтар өткізуде

377

Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасының базасы негізінде аурулардың негізі саналатын — генетика саласы бойынша семинар сабақтар өтіп жатыр.

Шеберлік сабақтарын АҚШ-тан келген осы саланың білікті мамандары өткізуде. Олар өңіріміздің балалар педиатрлары, акушер-гинекологтар мен неанотологтарына ауруды ерте бастан анықтауды, адамның бет әлпетіне қарап қандай тұқымқуалаушылық дертіне шалдыққанын және оған дұрыс ем тағайындау жолдарын үйретуде.

Алайда ұйымдастырушылар бұл шараға өңірлік генетиктердің қатыса алмай қалғанына қынжылып отыр. Себебі, олардың бұл сабақтардан алары көп еді. Сондықтан болса керек, ұйымдастырушылар алдағы уақытта да мұндай семинар сабақтарды жиі-жиі өткізіп тұруға уәде етті.

Айжан Ермекқызы