«Аялы алақан» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

73

Арыс аудандық сотының судьялары Арыс қаласындағы №1 Т.Тәжібаев атындағы отбасылық үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық іс-шара ұйымдастырып, сыйлықтар таратты.

Сот төрағасы А.Ертаев балалар Қазақстанның болашағы екендігі, сондықтан оларды Отанды сүюге, үлкендерді құрметтеуге және төзімділік секілді құндылықтарға тәрбилеу қоғамның ортақ міндеті екендігін айтты. Өз кезегінде судья Г.Мекембай тәрбиеленушілерге ыстық ілтипатын білдірді.

Судьялар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға отандық «Қажымұқан» атты анимациялық фильмді үлкен экранда тамашалауға мүмкіндік жасады. Кездесу соңында балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шара үшін алғыстарын білдірді.