«Инстаграмм» әлеуметтік желісінде әйелдің кәмелет жасқа толмаған балаға дөрекі іс-әрекет жасағаны бойынша кезекті бейнежазба жарияланды.
Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде, әйелдің жеке басы және оның жуырда жарияланған бейнежазбаға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Бірінші жайт бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және аталған бапқа сәйкес екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалануы көзделген.
Әйелге қатысты тиісті сараптама тағайындалды.
Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі