Түркістан облысының полицейлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жүзден астам құқықбұзушылықты анықтады.
Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 2018 жылдың 20 мен 24 қазан аралығында өткен «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады.
Аталған іс-шараның мақсаты – облыс аумағындағы табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар мен объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
«Браконьер» ЖПІШ барысында табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен 6 экологиялық қылмыс пен 99 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Мысалға, Келес ауданында полицейлер жергілікті тұрғынның көлігін тексеру барысында, Сырдария өзенінен заңсыз балық аулағанын анықтады. Тәртіп сақшылары браконьерден балық аулайтын заттар мен 15 кг. заңсыз ауланған балықты тәркілеп алды. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің «Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, «Браконьер» ЖПІШ барысында полицейлермен заңсыз ағаштар мен бұталарды заңсыз кескеннің 5 жайты анықталды. Атап айтсақ, Отырар ауданы АІІБ ЖПҚ қызметкерлері іс-шара жүргізу барысында сексеуіл ағашын заңсыз кесіп, оны екі жүк көлігіне артып келе жатқан жергілікті тұрғындарды ұстады. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің «ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, табиғатты қорғау заңдылығын бұзғаны үшін 99 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталып, жарты миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.
Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі