БЖЗҚ: қаражаттар тек сенімді жобаларға жіберіледі

312

Мемлекет басшысының қазан Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес Ұлттық Банк Қазақстан экономикасы нақты секторының басымдық берілген жобаларын қолжетімді кредиттеуді қамтамасыз ету мақсатында 600 млрд теңге мөлшерінде теңгемен ұзақ мерзімді өтімділік беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

БЖЗҚ-ның дерегінше, қазіргі уақытта Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп көрсетілген қаражатты беру талаптары мен тетігін айқындау жұмысын жүргізуде. Осының аясында БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін, оның ішінде 2018 жылғы банктерге арналған облигациялық бағдарламаға сәйкес инвестициялауға жоспарланған, бірақ толық пайдаланылмаған 200 млрд теңге болатын қаражат сомасын нарықтық талаптармен пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда.

«Бүгінгі күні көрсетілген 2018 жылғы банктерге арналған облигациялық бағдарламаға сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері банктердің жалпы сомасы 35 млрд теңге болатын облигацияларына жылдық 11,5-12% кірістілікпен инвестицияланды», — делінген хабарламада.

Жалпы алғанда бұл өтімділіктің берілуі ағымдағы нарықтық талаптарға сәйкес мерзімділік, ақылы болу және қайтарымдылық қағидаттарымен жүзеге асырымақ. Сондай-ақ зейнетақы активтері инвестицияланған жағдайда БЖЗҚ салымшыларының орта мерзімді кезеңде инвестицияланатын қаражаттан нақты кіріс алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беред і екен.

«Бұл инвестициялар кірісті болып қана қоймай, сенімді де болады. Берілген қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі іріктеген басымдық берілген және рентабельді жобаларды екінші деңгейдегі ірі банктер арқылы іске асыруға ғана бағытталатын болады», -делінген хабарламада.