Еңбек мерекесі – елдің берекесі

483

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып бекітілгені баршамызға белгілі. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әрбір қазақстандықтың лайықты, адал және кәсіби еңбегі Қазақстанның ұлы мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруінің кепілі болмақ», — деп атап өтті. Осы орайда Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «Еңбек күні» мерекесіне арналған жиын өтті.

Жиынға қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, мекемелер мен кәсіпорын жұмысшылары, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының жалпы және ортақ еңбек қоғамын құру идеясының шеңберінде халқымызды өнімді еңбекке ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көп жылғы еңбек дәстүрлерін нығайту болып табылады.

Қала әкімі М.Қадырбек жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, түрлі салада еңбек етіп, жетістікке жеткен бірқатар қызметкерлер мен жұмысшыларды алғыс хаттармен марапаттады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі