Енді балаларды емханаға онлайн режимінде тіркеуге болады

376

Енді eGov.kz порталында және @EgovKzBot арқылы балаларды медициналық ұйымға тіркеу мүмкіндігі пайда болды.

Қызметті онлайн алу үшін eGov.kz порталында авторизациядан өту және «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп, «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» қызмет атауын таңдау жеткілікті.

Туыстық байланысты тексеру үшін Портал баланың ЖСН енгізіп және АХАЖ ақпараттық жүйесіне сұрау салуды жіберуді ұсынады. Содан кейін, Сіз онлайн өтінімде қажетті деректерді таңдай аласыз.

Сұрау салуды жібергеннен кейін, ересектердің тіркелгені сияқты, көрсетілетін қызмет Порталдағы өтініш берушінің жеке кабинетінде  қолжетімді болады.
Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күнін құрайды.

Қызметті Telegram Bot арқылы алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесіне өтіп, «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» қызметін таңдаңыз.

Қызметті таңдағаннан кейін пайдаланушы чаттың тиісті батырмасын  басу арқылы пәрмендерді жіберуі керек.

@EgovKzBot арқылы қызметтерді алу үшін жазылу қажет, яғни, чатта «Бастау» батырмасын  басып, өзінің ұялы телефон нөмірін пайдалануға рұқсат беру қажет. «Мобильді азаматтардың базасында» тіркелген жағдайда, пайдаланушы бот арқылы көрсетілетін қызметтерді  алу   мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Қызмет көрсетудің нәтижесі «Қызметтер алу тарихы» жеке кабинеті  бөлімінде, тіркелу туралы ақпарат түрінде  немесе тіркеуден себептемелі бас тарту ретінде пайда болады.

egov.kz