sputniknews.kz

Министрлік жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Мессенджерлерде таралған балаларды ұрламақ болғаны жайлы ақпарат қазақстандықтарды дүрліктірді. Дегенмен ішкі істер министрлігі интернет арқылы жария етілген мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Ведомство Қазақстан аумағында балаларды ұрлаумен байланысты қылмыс тіркелмегенін мәлімдеді.ІІМ баспасөз қызметі жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тағы да еске салып өтті.

Әлеуметтік желілерде дүрбелең тудыру мақсатында жалған ақпарат тарататындар көп. Мұндай жаңалықта оқиғаның орны, уақыты мен күні туралы нақты мәлімет болмайды.
Бұған дейін полицейлер Ақтауда педофил жүргені, сондай-ақ жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж көтерілгені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Осы жылдың наурызында мессенджерлерде Алматыда теракт болуы мүмкін деген жалған хабарлама пайда болды.