«Шер-ағаның әлемі». Күнгейдің бас кітапханасы – «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында осындай тақырыппен жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның құрметіне әдеби бұрыш ашылды.Бұл сөре-жасаққа Қазақстанның халық жазушысының еңбектері – томдық жинақтары мен естелік дүниелері қойылыпты. Кітапханашылардың айтуынша, күн бұрын ашылған бұрышқа келіп, туындыларын оқушы оқырмандардың қатары артып отыр. Тіпті қолға алуға құлықтылардың саны еселей артқан.Соның өзінде, арнайы сөреден Шер-ағаның жүздеген кітабын кезіктіресіз. Айта өтетін ақпарат, «Отырар» кітапханасында енді ай бойы ҚР-ның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Алаш ардақтысы  Шерхан Мұртазаның рухына тағзым ретінде әдеби шаралар қолға алынбақ.

Мөлдір Бекеева