Тамыз айында Жетісай АІІБ-не қала көшелерінің бірінде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері белгісіз тұлғалардың жәбірленушіні ұрып-соғып, оқиға орнынан қашып кеткендігін анықтады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің СДТБТ-не «бұзақылық» жайты бойынша тіркелді. Сараптамаға сәйкес жас азаматтың жеңіл дене жарақатын алғаны анықталды. Жетісай АІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде Түркістан облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.
Төбелестің жас азаматтардың арасындағы түсініспеушіліктен туындағаны анықталды. Қазіргі уақытта жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға, егерде сіз осындай қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда «102» телефонына қоңырау шалуын ескертеді.