Кентау қалалық соты 64 жастағы азаматты екі айға қамауға алуға санкция шығарды. Күдіктіге ҚР ҚК — нің 24 бабы, 99 бөлігі, 1,9 тармақтарымен, яғни «қасақана екі немесе одан көп кісіні өлтіру пиғылы» үшін айып тағылуда.
Қанды оқиғаға себепкер 64 жастағы жергілікті тұрғын аңшылық мылтығымен оқ атып, екі ер адам мен бір әйел кісіні жарақаттаған. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген. Қазір ем алып жатыр.
Жанар Есенбекова