«Кітапханалық туризм» жобасы жалғасуда

75

Астана қаласынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының бір топ қызметкерлері, Қонаевтанушы», жазушы Ораз Қауғабай, белгілі ақын Бақытжан Тобаяқ- «Кітапханалық туризм» жобасы аясында еліміздегі бірегей Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына жұмыс сапарымен келді.

Қонақтар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жұмыс жүргізіп отырған орталықтың тыныс- тіршілігімен танысып, тарихи жәдігерлерді тамашалады.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауының негізгі басымдықтарын, алға қойылған міндеттер туралы, кітапхананың бүгіні мен болашағы, электронды ресурстар және басқа да тақырыпта келелі әңгіме қозғап, ой бөлісті. Бұл сапар кітапхана қызметкерлері, қонақтар үшін ұмытылмас әсер сыйлады.