«Мейірім» орталығы мерейлі мерекені атап өтті

1123

«Мейірім» балаларды оңалту орталығына 15 жыл. Мерейлі датаға орай орталық қызметкерлері ем алып жүрген балғындарға ерекше сый жасап, қуанышқа ортақтасқан әріптестерін сән-салтанатпен қарсы алды.

Созылмалы дертке шалдыққан балаларды емдейтін мекеме бүгінгі күнге дейін мыңдаған баланың сауығып кетуіне септігін тигізген.

«Мейірім» орталығының қуаныша ортақтасып келген қонақтар балалардың саулығына септігін тигізетін түрлі сыйлықтарды табыс етіп жатты. Орталықта ем алатын балғындар бұл ерекше күнде бір сәтке дерттерін ұмытып, көпшіліктің алдында ән салып, би биледі.

Созылмалы дертке шалдыққан балаларды оңалту орталығы осыдан 15 жыл бұрын өз жұмысын бастаған. Алғашқыда орталықта невралогиялық ауруға шалдыққан балалар емделетін.

Бір жыл бұрын орталық қайта құрылып, мұнда созылмалы дертке шалдыққан балаларға медициналық көмек көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, саматикалық, невралогиялық, бронхты астма және травматолгиялық түрлі жарақат алғандарға оңалту емі жасалады. Мұнда ем алып жүргендердің бірі тоғыз жастағы Қазына. Бір жұма бұрын келген жеткіншектің қазіргі жағдайы жақсы.

Бастысы — мұнда көрсетілетін қызметтің нәтижесі бар, әрі барлығы тегін. Үш жастан он сегіз жас аралығындағы диспансерлік есепте тұратын балаларға әр топта әлеуметтік, медициналық, психологиялық көмек түрлері көрсетіледі.

“Мейірім” оңалту орталығында көрсетілетін медициналық қызмет түрлері одан әрі кеңейе түспек. 2019 жылдан бастап мекемеде 18 жасқа дейінгі балаларға ортопедиялық-травматологиялық қызмет түрлері қосылмақ.

Лаура Нақыпқызы