«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і жұмысшыларының медициналық тексеруден өтуі тұрғындардың есебінен өтелген

273
WEproject.kz

Шымкент қаласының прокуратурасымен 2015-2017 жылдар аралығында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қызметіндегі коммуналдық саласында электр энергиясына тарифтерді бекіту және қолдану заңдылығына кешенді тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері табиғи монополиялар субъектісі тарифтерді қалыптасыру кезінде және пайдалану барысында заң бұзушылықтарға жол беретіндігін көрсетті.

2016-2017 жылдар аралығында 15,8 млн. теңге мөлшерде алдын тарифтік сметаларға қосылған әлеуметтік салық пен әлеуметтік жарналар бойынша шығындарын 5% артық орындамау, сондай-ақ 6,8 млн. теңге мөлшерде жұмысшылардың медициналық байқаудан өту қызметін тарифтік сметаға негізсіз қосу арқылы электр қуатына тарифтерді көтеру деректері анықталды.

Сонымен қатар сатып алу барысында заң талаптарын сақтамау және 13,3 млн. теңге мөлшерде міндетті салықтарды толық есептемеу (КТС және ҚҚС) деректеріне жол берілген.

Қала прокуратурасымен енгізілген қадағалау актілері бойынша табиғи монополиялар субъектілері тарапынан 22,6 млн. теңгеге компенсациялық тариф енгізілді.
Сондай-ақ, заң бұзушылықтарға жол берген үшін мекеме ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігімен (табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы) жауапкершілікке тартылып, 2 млн. теңге айыппұл салынды.

Одан бөлек, салық органына жолданған ұсынуды қарау нәтижесінде, мекеме ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 1-тармағымен (салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 млн. теңге мөлшерде айыппұл салынды. Мемлекет алдындағы қарыздар толық өтелді.

Шымкент қаласының прокуратурасы