Ордабасы ауданында 40 жастағы ер адам өз қызын зорлап өлтірген деп айыпталуда

586

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылының 1978 жылғы тұрғыны өз қызын зорлап өлтірген. Елдің жағасын ұстатқан бұл қанды оқиға қазан айының 6-на болған.

40 жастағы ер адам әбден ішімдікке сылқия тойып өзінің туған қызын зорлап, қасақана өлтіреді. Серік есімді күдіктіні оқиға болған жерде тәртіп сақшылары құрықтаған.

Ордабасы аудандық соты 2018 жылдың 8-ші қазан күні күдіктіні қамауға алу туралы санкция берді. Қолға түскен қаныпезер қанды қол әкеге ҚР ҚК -нің 120 бабы 4-ші бөлігімен, яғни, «кәмелетке толмаған тұлғаны зорлау», 99 бабының 3,5,14 бөліктері бойынша, яғни шарасыз халдегі кәмелетке толмаған тұлғаны аса қатыгездікпен өлтіру бойынша айыпталуда.

Өз әкесінің қолынан қаза болған 3 жасар бүлдіршін отбасындағы жалғыз перзент көрінеді. Айта кетейік, күдікті бұрын сотты болмаған.

Жанар Есенбекова