Отырар ауданында көкпар өтті

538

Бүгін  Отырар  ауданында көкпардан аудан әкімінің жүлдесіне арналған облыстық турнир өтті. Дүбірлі додаға Түркістан облысының бірқатар ауданынан шабандоздар қатысып,  ат үстінде тартысты өнер көрсетті.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Ерлан Айтаханов спорт сүйер қауымға тілегін жеткізіп, сәттіліктер тіледі.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр жылғы Жолдауында бұқаралық спортты дамытуды, оның ішінде ұлттық спорт түрлеріне баса көңіл бөлу қажеттігін айтып келеді. Отырар ауданында құрылғанына 1 ғана жыл болған ұлттық ат спорты федерациясы өнімді еңбек етіп келеді. Бұл тұста федерация президенті іскер азамат, аудандық мәслихаттың депутаты Төрегелді Ақжігітке алғыс айтсақ жарасады. Додаға түскен аттарыңыз сүрінбесін, жігіттер жығылмасын. Баршаңызға сәттілік тілеймін»,- деді аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы.

Аудандық ұлттық ат спорты федерациясының президенті Төрегелді Ақжігіт те әрдайым Елбасы саясатын қолдайтынын, келесі 2019 жастар жылында жұмысты одан әрі жандандыратынын жеткізді. Федерацияның аудандағы тұңғыш көкпары да былтырғы жылы дәл осы уақытта өтсе, бастама дәстүрлі түрде жалғасын жеткізген спорт жанашыры аймақты дамыту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан аудан әкіміне алғысын білдірді.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі