Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барды. Аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Өңір басшысы алдымен Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына табан тіреді. Аталмыш ауруханаға ең соңғы үлгідегі компьютерлік томография орнатылды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауруханаға қарасты инсульт орталығын ашып, заманауи қондырғының жұмысымен танысты. Сондай – ақ, ауруханаға су жаңа үш жедел жәрдем көлігін сыйлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен өңіріміздің барлық ірі ауруханалары жабдықталатын болады.