Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш жер сиы» ЖШС-нің аумағында «Грек жаңғағы плантациялардағы жүргізілетін күздік жұмыстар» тақырыбындағы ғылыми практикалық семинар өтті.
Семинарға Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы С.Н.Олейченко қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинардың мақсаты — жаңғақ өнімдерін жаңа түрлерін облысымызда өсіруге жағдай жасау, баптау әдістерін халыққа түсіндіру. Қазіргі таңда елімізде жаңғақтың 180 түрі өсіріледі.
Ал «Сарыағаш жер сиы» ЖШС грек жаңғағының 11 түрі өсіріліп, өнімін алуда. «Сарыағаш жер сиы» ЖШС бау-бақшасының көлемі қазіргі таңда 96 га, тамшылатып суғару бойынша 75 га құрап отыр. Онда 700 000 түп жүзім, 300 000 түп жеміс-жидек ағашы өсірілуде.