Шардарадан 9 Әлем чемпионы шықты

76

2018 жылдың 12-20 қазан күндері аралығында Түркияның Анталья қаласында армрестлингтен 40-шы әлем чемпионаты болып өтті. Чемпионат жасөспірімдер,жастар,ересектер және ардагер спортшылар арасында өтті.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында «ШАРДАРА АРМСПОРТ» спорт клубының спортшылары өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп ел қоржынына 9 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль ала отырып әлемдегі ең мықты команда екенін тағы да дәлелдеп келді.

Әлемнің 50 мемлекеті жиналған әлемдік додада төмендегі шардаралық жерлестеріміз жеңімпаз атанды.

1 орын (ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ)
50 кг-Жүсіп Дархан (жасөспірімдер арасында )
55 кг-Қадыр Нұрхан (жасөспірімдер арасында)
60 кг-Сарыбай Ердәулет (жасөспірімдер арасында)
80 кг-Қаржау Есболат (жасөспірімдер арасында)
65 кг (қыздар)-Камал Ұлбала (жасөспірімдер арасында)
60 кг-Өсербай Қыдыр (жастар арасында)
60 кг (қыздар)-Мәлікайдар Ләззәт (ересектер арасында)
55 кг-Әбсаттар Дәурен (ересектер арасында)
65 кг-Айдархан Нұрдәулет (ересектер арасында осымен әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды)
2 орын
75 кг-Айтбек Бекет (жасөспірімдер арасында)
+80 кг-Арапбай Азамат (жасөспірімдер арасында)
65 кг (қыздар) -Мәлік Жұлдыз (жастар арасында)
100 кг-Тағабаев Берік (ардагерлер арасында)
3 орын
65 кг-Пірімбет Абзал (жасөспірімдер арасында)
70 кг-Ақтаев Талғат (ересектер арасында)
110 кг –Құттымұратов Медет (ересектер арасында)

Бұл жеңістердің барлығы жылдар бойы төккен тер мен еңбектің арқасы екенін айта отырып жерлестеріміздің жеңісті жолдары жалғаса берсін деген тілекте болайық, ағайын.