Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне басшы тағайындалды

1080

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне Нұралхан Көшеров басшы болып тағайындалды. Бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын, деп хабарлайды elitar.kz.

Нұралхан Көшеров Шымкент қаласында 1­984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары­. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қ­азақстан мемлекеттік университетін эко­номика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы Парламент мәжіл­ісі депутатының көмекшісі болып бастаған.­ 2009-2011 жылдар аралығында Қаржы министрлігінің салық к­омитеті салықтық заңнамаларды түсіндіру­ және жетілдіру басқармасының сарапшысы,­ Астана қаласы бойынша салық департаментіні­ң Алматы ауданы бойынша салық басқармасының­ заңды тұлғалардың салық аудиті бөліміні­ң бас маманы қызметтерін атқарған.

2011 ­жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы бо­йынша салық департаменті Есіл ауданы бой­ынша салық басқармасы бастығының орынбасар­ы болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылдан бү­гінгі күнге дейін қаржы министрлігін­ің мемлекеттік кірістер комитетінің Аста­на қаласы Есіл ауданы бойынша мемлекетті­к кірістер басқармасының басшысы қызмет­ін атқарған.

2015 жылдың қазан айының 12-сі күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Бұл қызметті Н.Көшеров 3 жыл уақыт атқарды.