Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әлия Шалхарова тағайындалды. Әлия Шалхарова 1977 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Мамандығы бойынша — педагог-хореограф, психология мұғалімі, экономика және бизнес маманы.
Еңбек жолын 1998 жылы «Сафар» Өзбекстан — Корея бірлескен кәсіпорны би ұжымының басшысы болудан бастаған.
1999 жылдан 2000 жылға дейін — «RT-USA» балет тобының менеджері. Өзбекстан Республикасы клубтық спорттық хореография кооперативі кешенінің көркемдік жетекшісі.
2004-2006 жж — Өзбекстан Республикасы А.Навои атындағы мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі.
2006-2014 жж — «RAQS TEATRI OFARIN» би театрының директоры, көркемдік жетекшісі. 2016-2018 жж — ОҚО мәдениет басқармасының «Түркістан сарайы» МКҚК-ның директоры.
shymkent.gov.kz