Шымкент әкімі үш елдің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті

302
inform.kz

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Корея Республикасының, Литва Республикасының және Оңтүстік Африка Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараптар кездесу барысында Ұлы Жібек жолы бағытында Шымкенттің ірі көлік хабы ретіндегі мүмкіндіктерді талқылады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм, білім және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін көтерді.

Шаһар басшысы қала шетелдік инвесторлар үшін әрдайым ашық екенін атап өтті. Әкімнің сөзінше, шым шаһарда табысты жұмыс істеге мүмкіндіктері бар. Жаңа индустриялық аймақтар ашу жоспарланып отыр. Шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдау үшін барлық жағдайлар жасалуда.

Атап айтқанда әкімшілік кедергілер жойылып, қолайлы инвестициялық климат нығаюда. Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылға және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға сенім білдірді.