Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Мұрат Базарқұлов тағайындалды.
Мұрат Серікбайұлы — 1980 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша – саясаттанушы, заңгер. Еңбек жолын 2002 жылы ақпараттандыру және қоғамдық келісім бөлімінде маман болып бастаған.
2005-2009 жылдары — ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырушылық жұмыс, талдау және болжау бөлімінің бастығы.
2009-2010 жылдары ОҚО тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.
2018 жылдың 30 мамырында Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болған.
shymkent.gov.kz