Шымкент аграрлық колледжіне дуальді жүйе саласындағы халықаралық сарапшы келді

402

Дуальді оқу жүйесін енгізуде ұлттық модель қалыптастыру және ел экономикасының инновациялық дамуы үшін кадр дайындау мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында және оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін Түркістан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының көмегімен халықаралық SES бағдарламасы бойынша «Аға сарапшылар қызметі» Германиядан Dr. Peter Robert Christ арнайы шақырумен келді.

Халықаралық сарапшы ауыл шаруашылығында көп жылдық тәжірибесі бар. Агрономия саласын меңгерген, «Ауыл шаруашылығының халықаралық дамуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Дуальді кәсіби білім беру саласының оқыту әдістемесін жетік меңгерген және оқу бағдарламаларын әзірлеген білікті маманы.

Ямайка, Филиппин және Англияда ауылшаруашылығы саласында жұмыс жасаған. Сонымен қатар, Ямайка аграрлық колледжінде сабақ беріп, Германияда дуальді білім беру саласында пәнаралық ауылшаруашылық институтының директоры болып жұмыс істеген.

Колледж оқытушылары 2 апталық тәжірибе алмасу барысында доктор Кристтен ауыл шаруашылығы, орман және қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша, мамандардың біліктілігін арттыруға және оқу бағдарламаларын түзуге, ағымдағы жағдайды талдауға, педагогикалық білім берудің дидактикасын келесі бағыттар бойынша: өсімдік шаруашылығы, бағбандық және көгалдандыру, ұрықтандыру және өсімдіктерді қорғау бойынша жаңа материалдармен алмасады.

Колледж басшылығы бұл жобаның нәтижесінде оқытушылардың кәсіби дамитынын, кадрлар мамандарды даярлауда заманауи тәсілдерді қолданаып, жаңартылған оқу жоспарларын құрастыратынын сеніммен айта алады. Дуальді білім беру жүйесін енгізу арқылы кәсіпорындар мен колледждің біріккен жұмысының нәтижесінде сапалы мамандарға қол жеткізіп, бітіруші түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету қолға алынған.