Шымкент қаласында жылу алатын 1848 көпқабатты тұрғын үйдің бүгінгі таңда 600 — ден астамының жертөлесіне “Қуатжылуорталық — 3” МКК жылу жеткізді. Ал 373 бюджеттік мекеменің 203-і өздерінің кіші қазандықтарымен жылытылады. Олар 100 пайыз жылуға қосылыпты.
Орталықтандырылған жүйеден жылытылатын 170 мекеменің 90 пайызы қосылыпты. Сала мамандарының айтуынша қазан айының 20 — жұлдызына дейін бюджеттік мекемелер 100 пайыз жылуға қосылады. Егер жылу жүйесінде ақауы бар болған жағдайда “Қуатжылуотралығы — 3” МКК дистпечерлік бөліміне хабарласуға болады.
Нұрлан Күдерұлы
Байланыс үшін: 44-81-89