Шымкентте тұрғындармен «7-20-25» бағдарламасы бойынша кездесу өтті

354
shymkent.gov.kz

Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандарының өкілдері және бірнеше банк өкілдері Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасының шарттары жан-жақты түсіндірілді.

Кездесуде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Әшірбаева мемлекеттің тұрғын үй саясатын және «7-20-25» бағдарламасының тиімді тұстарын, ереже-шарттарын толық баяндап берді.

«Алдағы уақытта баспана кезегінде тұрғандар үшін санаттар қысқаруы мүмкін. Бәріңізді тұрғын үйге кезегіне тұруға шақырамын. Үкімет сіздерге зор мүмкіндік ұсынып отыр», — деді Гүлнәр Құдайбергенқызы.

Өз кезегінде тұрғындар да сауалдарын қойды. Мемлекеттік қызметкерлер, медицина және білім саласының қызметкерлері негізінен төлем қабілеттілігі, тұрғын үйлердің сапасы, несие тарихына қатысты мәселелерді талқылады.

Айта кетсек, «7-20-25» бағдарламасы бойынша Шымкентте тұрғындарғы 7 банк тұрғындарға қызмет көрсетуде. Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиелерді 1 желтоқсаннан бастап бере бастайды деп күтілуде.