Шымкенттік депутаттар Н.Бекназаровты Сенат депутаты болып сайлануымен құттықтады

514

Шымкент қалалық мәслихатының хатшылығын табаны күректей 13 жыл бойына атқарған Нұрлан Бекназаров Парламент Сенатының депутаты атанды. Бүгін мәслихаттың кезектен тыс 39-сессиясында шаһар басшысы мен халық қалаулылары өз әріптестерін жеңісімен құттықтады. Жаңа салада жемісті еңбек тіледі. «Патриот» деп баға берген қала әкімі бұрынғы мәслихат хатшысына алғысын айтып, марапатқа бөледі.

Әдетте маңызды проблемалар талқыланып, аракідік дау-дамайға ұласып жататын мәслихаттың бұл отырысы көңілді нотада өтті. Сайлауда жеңіске жеткен Н. Бекназаровтың тарапына әріптестері кіл мақтау-мадақтарларын жаудырды. Ал қала әкімі осыған дейін де шаһарға аз еңбек етпеген Сенат депутаты алдағы уақытта да жаңа мегаполистің дамуына күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

Мақпал Рысбаева