Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

613
Хабар 24

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро Шымкент қаласы бойынша депарматенті өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Бюро қызметкерлері қаладағы медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерін жинап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған бюро өкілдері тарапынан бас дәрігерлерге барлық емханаларға қызметке тұру тәртібін денсаулық сақтау ұйымдарына арнайы жазба ретінде ашық етіп жазып қою ұсынылды. Сондай-ақ кездесу барысында заң бұзушылықтардың және сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына себеп болған мән-жайларды жоюға бағытталған нақты шараларды ұйымдастыру, басқармаға қарасты ұйымдарға жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз жұмыс жасауды және заң бұзушылыққа жол бермеу туралы түсіндірілді.