Сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 пайыз қорғауға кепілдік беріледі

495
SN.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер және Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің басымды бағыттарының бірі болып табылуда.

Инвесторлар инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы Келісімге қол қойып, Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 % қорғауға кепілдік беріледі. Яғни, Инвестор Келісімге қол қояды, Агенттік және оның аумақтық департаменттері өз кезегінде инвестициалық жобаны сүйемелдейді.

Аталған Жоба 2018 жылдың 15 маусымында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшыларының және аудан, қала әкімдерінің қатысуымен өткен отырыста өңірдің инвесторларына таныстырылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 21 маусымында және 1 тамызында(облыс әкімдігі жанындағы «Облысқа инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің» отырысында) өткен жиындарда кәсіпкерлер мен инвесторларға Жобаның мүмкіндіктері кеңінен таныстырылған болатын.

Бүгінгі таңда «KAZAKH INVEST» филалының алаңында фронт-офис жұмыс істеуде, Департаментпен фронт-офиспен өзара әрекеттесетін әрбір мемлекеттік органнан жауапты тұлғалар бекітілді және де Келісімшартқа тұру үшін кәсіпкерлер мен инвесторларға әрқашан есік ашық.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында қандай да бұзушылық немесе әуре-сарсаңға салу фактілері орын алып жатса, фронт-офиске немесе Департаментке хабарласуларыңызға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (72533) 5-94-79 нөміріне және/немесе anticor13@mail.ruпоштасына хабарласыңыздар.