Түркістан қаласының полицейлері студент қызға шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

364
RT

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері студент қызды зорламақ болып, тонауға оқталған күдікті ретінде жергілікті жердің тұрғынын ұстады.

Түркістан қаласының полициясына ағымдағы жылдың қыркүйек айында жәбірленуші арызданған, онда белгісіз азамат оның ұялы телефонын тартып алып, өзін зорламақ болғанын көрсеткен. Полицейлер сол күні күдіктінің түр-тұлғасын анықтап, оны ұстау үшін бірқатар іс-шаралар атқарылды. Бұл іс облыстық ІІД басшылығының жеке бақылауында болды.

Бірнеше апта өткен соң, Криминалды полиция басқармасының жеделізкесушілері облыстың әрбір ауданын тексерді. Барлық облыстарға күдіктінің бағыттамасы жіберілді. Өйткені, оның облыс аумағынан шығып кетуі мүмкін деген болжам болған. Түркістан облысы ІІД жеделізкесушілері қазан айының басында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде күдіктіні Алматы қаласынан ұстады.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «зорлауға оқталу» және «тонау» жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Еске сала кетейік, алдын БАҚ және әлеуметтік желілерде Түркістан қаласында белгісіз азамат жас студент қызды тонап, оны зорламақ болғаны туралы ақпарат жарық көрген болатын.

Түркістан облыстық ІІД Баспасөз қызметі