Түркістан облысында ішкі қауіпсіздік қызметіне 3 мың доллар пара берген кеден бекетінің маманы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б. Қонысбаев кеден бекетінің бас маманы параны қызметтік тексеруде қылмысын жасырып қалу үшін ұсынған. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсізідік басқармасы 2018 жылы 3-сәуірде жасырын тергеу жүргізген. Осы тергеудің барысында бас маман А.Шаимов 3000 АҚШ доллары көлемінде пара беру үстінде қолға түсті. Ол ЕурАзЭҚ аумағынан тауарлардың әкетілгені туралы экспорттық кедендік декларацияларды заңсыз ресімдеген. Ал параны осы құжаттарды тексеріп келген маманның «дұрыс» шешім қабылдауы үшін берген.
Ал, 27 қыркүйек күні Сарыағаш аудандық соты бас маман А.А Шаимовты жасаған қылмысы үшін кінәлі деп тауып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқынан шеттетті.