«Түнгі сот» пилоттық жобасы жүргізушілерге қолайлы болып тұр

355

«Түнгі сот» пилоттық жобасы жүргізушілерге қолайлы екендігі тәжірибеде белгілі болды. Осы жаңа жоба аясында дөңгелек үстел өтті. Іс шара барысында ҚР сот практикасына жаңадан енгізілген жобаның сот пен ішкі істер органы қызметкерлері тарапынан туындаған мәселелер бойынша талқыға салынып, оның шешімдері турасында сөз болды.

«Түнгі соттың» қолайлы мехонизмдерін іске асыру жолдары талқыланды. Аталымыш іс шара Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшлік сотының ұйымдастыруымен өтті.

Гүлмира Қыдырбаева, Шымкент қалалық сотының судьясы: «Максималды түрде сақтандыру компания өкілдері 5-15 күн аралығында төлем ақысын өтеп беріп отыр. Яғни, түнгі соттың жұмысы өзінің оң нәтижесін беріп отыр. ЖКО орын алғаннан кейін 15-20 күнде іс толық қаралып бітіп, жәбірленушіге төлем ақысы дер кезінде төленіп жатыр. Бүгінгі іс шарада дөңгелек үстелде түнгі соттың өз нәтижесін бергені дәлелін тауып отыр».

Ернар Балабеков