Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімінің орынбасарын өлтіруге оқталған деген күдікпен екі адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, кеше Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға белгісіз біреулер шабуыл жасап, өлтіруге әрекеттенген.
«Бүгін Төлеби ауданы әкімінің орынбасарына жасалған шабуылға қатысы бар деген екі күдікті ұсталды. Төлеби аудандық ІІБ қызметкерлерімен күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Қазір өзге күдіктілердің тұлғасын анықтау, оларды қолға түсіру бойынша шаралар жүргізілуде»,- дейді Салтанат Қаракөзова.