Тегін фильм тамашалады

606

Шымкенттіктер фильмді тегін тамашалап жатыр. Анығырақ айтсақ, бұл киноны тек сал ауруына шалдыққан балалар мен олардың қамқоршылары ғана көре алды. Себебі, аталған туындының оқиға желісі де дәл осындай мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір дерегін баяндайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кезекті көрсетілімге қаламыздағы 100-ге жуық жан шақырылған. Сондай-ақ, туындыны тамашалауға келген қонақтардың осынау әсерлі фильмге деген көзқарасы мен ерекше ықыласын да байқадық.

Айта өтейік, қоғамдағы адамдардың теңдігі мен тәнінің саулығы, адами құндылықтар көрініс тапқан киноға “Синемакс” кинотеатры демеушілік жасаған. Одан бөлек, бұл мекеме ай сайын балаларға тегін фильм көрулеріне жағдай жасап отыр.

Айя Мүтәлі