Ауыл шаруашылығына ден қойып, тірлігін түрлендіргісі келетіндерге мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі? Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімдігі шаруа қожалықтарының иелері және кәсіпкерлермен кездесіп, осы тақырып төңірегінде сөз қозғады.
Басқосуға Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының бас сарапшысы қатысып, өз кәсібін ашып, бизнес бастауға ниеттілерге көрсетілетін ақысыз көмек турасында бағыт берді.
Еңбекші аудандық прокуратурасы, «Аграрлық несие корпорациясы», «Ырыс» микроқаржы ұйымы, «ОңтүстікАгроНесие» серіктестігі және басқа құзырлы басқармалардың өкілдері шаруашылыққа білек сыбана кірісемін деген кәсіпкерлерге нұсқаулар айтып, түрлі мәліметтермен бөлісті.
Шаруалар көкейінде жүрген кепіл, аз пайыздық несие, пайыздық өсім сияқты сауалдарға жауап алды.
Жанар Есенбекова