Жүргізушілер айыппұлдың бар-жоғын қалай тексере алады?

352
inform.kz

Әкімшілік полиция комитеті автокөлік иелері айыппұлдары бар-жоғын қалай тексеруге болатынын және олармен келіспеген жағдайда шағымдану тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әкімшілік полиция комитеті көлік құралдарының иелері «Egov.kz» және «Qamqor.gov.kz» сайттарында айыппұлдардың бар-жоғын тексере алатынын және көрсетілген сайттар арқылы онлайн режімде айыппұлдарды төлей алатынын хабарлайды. Бұл ретте,  төлем туралы ақпарат айыппұлдар бойынша орталықтандырылған деректер базасына автоматты түрде келіп түседі және көлік иесіне ішкі істер органдарына төлем туралы түбіртекті қосымша берудің қажеттілігі жоқ», — деп атап өтті ведомстводан.

Сондай-ақ «Qamqor.gov.kz» сайтында Айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымды басып шығаруға болады. Онда ішкі істер органы бөлімшесінің төлефон нөмірі және мекенжайы көрсетілген. Солар бойынша машина иесі қажет болған жағдайда түсінік алу үшін жүгіне алады. Егер жүргізуші құқықбұзушылықпен келіспесе аумақ бойынша Әкімшілік полиция басқармасына тиісті өтінішін білдіруге құқылы. Онда өтінішті қарау және тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады

Ішкі істер органы қабылдаған бұл шешіммен де келіспеген жағдайда автокөлік иесі сотқа шағымдана алады. «Ұйғарымдарға шағым жасау тәртібі Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 43-1, 44-1 және 47-тарауларында регламенттелген», — деді Әкімшілік полиция комитетінен.