Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру және талантты жастарды қолдау, достық қарым-қатынасты орнату, жастарды көңілді тапқырлыққа бейімдеу мақсатында аудан әкімшілігі мен ауданыдық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен «Жастар ресурстық орталығының және аудандық прокуратураның ұйымдастырумен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жайдарман – достық мекені» атты «Жайдарман» КТК сайысы болып өтті.

Аудандық прокурор Дәулет Тлемисов, Жастар ресурстық орталығының директоры Қыпшақов Қайрат, «Пионер» кондитерлік фирмасының директоры Тайыров Дәурен Абдықасымұлы, жайдарманшы, Түркістан облысы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті, «Капитан» құрама командасының ойыншысы Жандос Зиябек, жайдарманшы, Төлеби ауданы «Төлеби» құрама командасының ойыншысы Мейірбек Нұрсұлтан қазылық жасады.

Ойын басында аудан прокуроры Д.Тлемисов командалардың қатарына шығып «Біз Төлеби жастары есірткі, зорлық-зомбылық, нашақорлыққа қарсымыз!» сөздерімен ілінген плакат бойынша залда отырғандарға кішігірім түсіндіріп, барша командаларға сәттілік тіледі.

Атталған іс шарада Төлеби ауданынан 1/8 ойынына қатысқан 10 құрама топ әділ-қазы алқалары қойған ұпаймен 1/4 ойындарына жолдама алды.

Сондай ақ, ойын соңында Әділ-қазы алқалары өткен ойын жайында өз ойларын, ақылдарын айттып алдағы ойындарға сәттіллік тіледі. Сонымен қатар, «Пионер» кондитерлік фирмасының директоры Д.Тайыров жайдарманшы жастарға финал ойынында жеңімпаз болған командаларға І-орынға 100 000 теңге, ІІ-орынға 50 000 теңге, ІІІ-орынға 30 000 теңге, үздік ойыншыға ақшалай сыйақы табыстайтындығын және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің залын жарықтандырып беруге көмектесетіндігін айтты.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі