Жамалбек Шәймерденовтың туғанына – 90 жыл

729

Биыл Мемлекет және қоғам қайраткері, еңбек ардагері Жамалбек Шәймерденовтың туғанына – 90 жыл. Айтулы датаның құрметіне орай, жерлестеріміз бен тұлғаның туыс-жақындары, ұл-қыздары, немерелері күнгейге жұмыла жиналып, аптал азаматты ерекше екпінмен еске алды.

 

Қаламыздағы Жамалбек Шәймерденов көшесі. Жұртшылық тарихи тұлғаның құрметіне бой көтерген ескерткіштің алдына келіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Еске алу шарасы елге еңбегі сіңген азаматтың құрметіне қолға алынған арнайы кеңеске ұласты. «Парасаты биік тұлға» атты конференцияда да аға буын Жамалбек Шәймерденұлының Елдің болашағы – бүгінгі толқын үшін жасаған жұмыстарын қайталап айтудан жалыққан жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еске салайық, Жамалбек Шәймерденов жұмыс істеген 20 жылда ауыл шаруашылығымен қоса, өзге де салалар қарқын алып, өрлеген-ді. Мәселен, «Фосфор» бірлестігі, Шымкент, Састөбе цемент зауыттары, Кентау эксковатор және трансформатор зауыттары, Шымкент мақта‑мата комбинаты, Шымкент шина және шина жөндеу зауыттары Жамалбек Шәймерденұлы облыс атқару комитетінің төрағасы қызметінде жүрген кезде бой көтерді. Бұл облыс экономикасының, әсіресе өнеркәсібінің гүлдену кезеңі болған-ды. Игі шарада көз көрген әріптестері мен ізбасарлары Еңбек ардагерінің осы және өзге де ерен естеліктерін айтып, тарихтың тың тарауларын түгендеді.

 

 

 

 

Киелі Отырар ауданының тумасы осылайша Халық үшін қалтқысыз қызмет жасаған. Сондықтан, Түркістан облысының билігі мұны ұмытпақ емес, бүгінгі ұрпақтары мен күнгейліктердің алдында тұлғаға деген құрметін білдіруді де парыз санады. Бұл – есімі мен еңбегі тарихта алтын әріппен қашалған алаш ардақтысының асқақ рухына тағзым екенін екшесе керек.

Мөлдір Бекеева